СКТР-да сайлауда Ұлттық Бірлік Партиясы жеңіске жетті

Премьер-министр Фаиз Суджуоғлу коалициялық үкімет үшін дереу жұмыс істей бастайтындарын білдірді.

1767208
СКТР-да сайлауда Ұлттық Бірлік Партиясы жеңіске жетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Премьер-министрі және Ұлттық бірлік партиясы (ҰБП) төрағасы Фаиз Суджуоғлу партиясының ерте сайлау жарысын кеше бірінші аяқтағанын және коалиция үкіметі үшін жұмысқа кірісетіндерін атап көрсетті.

СКТР Жоғары сайлау кеңесі жариялаған бейресми қорытындыға қарағанда ҰБП сайлауды дауыстардың 39,54 пайызын жинап, бірінші орында аяқтады.

Республикашыл Түрік партиясы (РТП) 32,04 пайыз, Демократиялық партия (ДП) 7,41 пайыз, Қайта тірілу партиясы (ҚТП) 6,39 пайыз дауыс жинап парламентке кірсе, Халық партиясы (ХП) 6,68 пайыз, Коммуналдық азаттық партиясы Жаңа күштер (ӘДП-ЖК) және Тәуелсіздік жолы (ТЖ) 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмады.

Аталмыш көрсеткіштерге қарағанда 50 ​​депутаттан тұратын Республикалық Мәжілісте Ұлттық бірлік партиясы 24 орын, Республикашыл Түрік партиясы 18, Демократиялық партия 3, Халық партиясы 3, Қайта тірілу партиясы 2 орын алды.

Дауыстарды санаққа алу жұмыстары жалғасып жатқанда бас қала Никосияда мәлімдеме жасаған Суджуоғлу ҰБП-ның Мәжілісте ең көп орынды иелегенін білдірді. Фаиз Суджуоғлу бүгін немесе ертең президент Эрсин Татардың үкіметті құру мандатын партиясына беруі мүмкін екенін айтты.

Суджуоғлу дереу коалициялық үкімет үшін жұмыс істей бастайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар