Кэмерон Қазақстанға барады

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

2130952
Кэмерон Қазақстанға барады

24-25 сәуірде Ұлыбритания Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Астанада Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар