Әлиев пен Жапаров Ағдам қаласына барды

Басшылар Хыдырлы ауылында Қырғызстан тарапынан салынатын мектептің іргетасын қалады.

2132467
Әлиев пен Жапаров Ағдам қаласына барды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров армян басқыншыларынан азат етілген Ағдам қаласының Хыдырлы ауылында Қырғызстан тарапынан салынатын мектептің іргетасын қалады.

Өткен күні бас қала Бакуде Ильхам Әлиевпен бас қосқан Садыр Жапаров кеше Физулиге барды. Физули қаласында армян басқыншылығы кезінде қиратылған аумақты аралаған Әлиев пен Жапаровқа мұнда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Екі ел басшылары кейінірек Ағдам қаласына барып, ондағы тарихи ескерткіштерді аралады, құрылыс пен қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ басшылар қалпына келтірілген тарихи Ағдам жұма мешітінің ашылу рәсіміне де қатысты.

Ағдамның Хыдырлы ауылына да барған Әлиев пен Жапаров осында Қырғызстан салатын мектептің іргетасын қалады.



Ұқсас жаңалықтар