Қырғызстан президенті Жапаров Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Кэмеронды қабылдады

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев та Кэмеронмен кездесті.

2130951
Қырғызстан президенті Жапаров  Ұлыбритания Сыртқы істер министрі  Кэмеронды қабылдады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Орталық Азияға сапары аясында еліне барған Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронды қабылдады.

Қырғызстан президенттік аппаратының баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Жапаров Қырғызстанның астанасы Бішкекке ресми сапармен барған Кэмеронмен кездесті.

Жапаров пен Кэмерон екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты. Тараптар екі ел арасындағы білім беру және маусымдық жұмысшылар мәселелерін, сондай-ақ саясат, сауда, экономика, инвестиция, энергетика және көлік салаларын, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Кэмеронның сапарының Қырғызстан мен Ұлыбританияның көп қырлы ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенімді екенін айтқан Жапаров Ұлыбританияның Қырғызстанның батыспен сыртқы саясатында маңызды орын алатынын білдірді.

Кэмерон да Жапаровқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, қырғыз-британ ынтымақтастығын әртүрлі салаларда дамыту мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев та Кэмеронмен кездесті.

Кездесу соңында сыртқы істер министрліктері арасындағы екі жылдық ынтымақтастық бағдарламасы және Қырғызстан мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларация қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар