20 қаңтар Әзербайжанның ұлттық аза тұту күні

1990 жылы Бакуде Кеңес Одағы армиясы қырған бейбіт адамдар еске алынуда

1765811
20 қаңтар Әзербайжанның ұлттық аза тұту күні

20 қаңтар Әзербайжанның ұлттық аза тұту күні ретінде аталады. 

Әзербайжан 32 жыл бұрын Кеңес армиясы танктермен басып кірген Бакуде қаза тапқан бейбіт тұрғындарын еске алуда. 

Кеңес Одағы ыдырай бастаған 90-шы жылдары армяндардың шабуылдары мен аумақтық талаптарының артуына қарсы көтерілген Әзербайжан халқы 1990 жылы 20 қаңтар күні шабуылдарға наразылық білдіру үшін Бакуде жиналды. 

Алайда басқыншы армяндарды тоқтатады деп күткен Кеңес армиясы бейбіт наразылық білдірген әзербайжандықтарды нысанаға алды. 

Қалаға көптеген жерден басып кірген Кеңес Одағы әскерлерінің шабуылынан 140-тан астам бейбіт тұрғын қырылып, көптеген адам із-түссіз жоғалды. 

1990 жылы 20 қаңтар күнгі бұл қанды оқиға Әзербайжанда жыл сайын ұлттық аза тұту күні ретінде атап өтіледі. 



Ұқсас жаңалықтар