Президент Ильхам Әлиев Арменияны сынға алды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабахтағы атысты тоқтатуды бұзған Арменияны сынға алды.

1762113
Президент Ильхам Әлиев Арменияны сынға алды

Әлиев ел баспасөзіне жасаған мәлімдемесінде соңғы кездері шабуылдарын арттырған Ереван әкімшілігіне қатал мәлімдеме жасады.

Әлиев «Мүмкіндіктерінің артқанын ойлауы мүмкін немесе қай жерден болса да қолдау алатынын ойлайтын шығар, бірақ 2-ші Қарабах соғысындағыдай кім көмектессе де, біз қалағанымызды аламыз, бізді ешкімнің тоқтата алмайтынын ұмытпау керек» деді.

Ильхам Әлиев аймақтағы жағдайды қалпына келтіру талпыныстарына тоқталып, 3+3 форматындағы алғашқы кездесудің танысу жиналысы сияқты екенін атап көрсетті.

Әлиев екінші келіссөз жиналысынан бастап қатынас және байланыс жолдарының талқылануын күткендерін білдірді.

Ереван әкімшілігінің бұл ынтымақтастықтан пайда табу үшін негізсіз уәждерінен бас тартуы керектігін атап көрсеткен президент Әлиев «Осында барлық елдердің пайда көретіні анық. Әзербайжанға, Түркияға және Исламға қарсы көзқарастарынан тек Армения ғана бас тартуы керек. Кейін әрине, Армения да бұл ынтымақтастықтың пайдасын көре алады» деді.

Әзербайжан президенті журналистердің ЕҚЫҰ Минск тобының келесі қызметі туралы сұраққа әзілмен жауап қайтарып «Меніңше олар қазір жылдық мерейтойға дайындалып жатыр деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар