Акар Закир Хасановқа көңіл айтты

​​​​​​​Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар "Түркия әрқашан Әзербайжанның қасында" деді.

1761484
Акар Закир Хасановқа көңіл айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановқа көңіл айтты. 

Еске сала кетейік, кеше түскі уақытта Армения қарулы күштерінің шабуылы салдарынан бір Әзербайжан әскері шәйіт болған еді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Хасановқа телефон шалып, көңіл айтты. 

Акар телефондағы әңгіме барасында "Шейіт болған әзербайжандық бауырымызға қатты қайғырғанымды білдіремін.  Жан Әзербайжан халқына және үкіметіне шынайы көңіл айтамын.Түркия әрқашан Әзербайжанның қасында" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар