Чавушоғлу Мұхтар Тілеубердімен телефонда сөйлесті

Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Қазақстанға қолдау беретінін қайталады.

1758932
Чавушоғлу Мұхтар Тілеубердімен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қазақ әріптесі Мұхтар Тілеубердімен телефонда сөйлесті.

Қазақстандағы соңғы жағдайлар сөз болған телефондағы әңгімеде Чавушоғлу Түркияның Қазақстанға қолдау беретінін қайталады.

Телефондағы әңгімеде 11 қаңтарда интернет арқылы ұйымдастырылатын және Қазақстандағы оқиғалар бағаландырылатын Түрік Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлері кезектен тыс жиналысы жайлы көзқарас алмастырылды.

Қазақстанда сұйытылған табиғи газ бағасының артуы және экономикалық жағдайдың нашарлауы себепті 2 қаңтарда басталған протест ереуілдері ірі қала Алматыда қақтығысқа және қарулы оқиғаға айналған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев протесттерге жауапкер деп қаралған үкіметтің отставкасын қабылдап, оқиғаларды тосу мақсатымен төтенше жағдай жариялаған еді. 



Ұқсас жаңалықтар