Қазақстан үкіметі наразылықтарға байланысты отставкаға кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

1757303
Қазақстан үкіметі наразылықтарға байланысты отставкаға кетті

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин басшылығындағы үкімет сұйытылған мұнай газы бағаларының көтерілуіне қарсы ел көлеміндегі протесттер артқан соң отставкаға кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстан премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Батыс Қазақстанның Жаңаөзен қаласында Сұйытылған мұнай газы бағасының көтерілуіне жүргізушілер көрсеткен наразылық ел көлеміне тарап кеткендіктен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланды.

Президент Тоқаев қол қойған төтенше жағдай туралы жарлықта елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жағдайдың нашарлауына байланысты аталған аймақтарда қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында коменданттық сағат енгізілді.

Елдің бұрынғы бас қаласы Алматыда болса мыңдаған адам қатысқан шеру түні бойы жалғасты. Полиция дауыс гранаталары мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Қазақстанда үкіметті құлатқан процесте сұйытылған мұнай газы бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілген болатын.

Ақтауда наразылық білдірушілермен кездескен арнайы үкіметтік комиссиясы Сұйытылған мұнай газы бағасын литріне 50 теңгеге (0,11 доллар) дейін төмендеткенін хабарлады. Бірақ соған қарамастан жалғасқан шерулерде қазіргі әкімшілік жүйені сынайтын саяси ұрандар айтылып, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту талаптары айтылды.



Ұқсас жаңалықтар