Бакуде түрік әлемі балалары үшін шара өткізілді

31 желтоқсан Дүниежүзілік Әзірбайжандардың ынтымақтастық күні және Жаңа жыл мерекесіне орай шара өтті.

1754872
Бакуде түрік әлемі балалары үшін шара өткізілді
baku Turk dunyasi dayanisma etkinligi1.jpg
baku Turk dunyasi dayanisma etkinligi.jpg

Әзербайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі балаларының ынтымақтастығы шарасы өтті.

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорында 31 желтоқсан Дүниежүзілік Әзірбайжандардың ынтымақтастық күні және Жаңа жыл мерекесіне орай шара өтті.

Қордың президенті Гүнай Эфендиеваның ұйымдастыруымен өткен шараға Әзербайжанның Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің президенті Бахар Мурадова, Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшісі Джахит Багжы, Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің Әзербайжандағы елшіліктерінің өкілдері қатысты.

Гүнай Эфендиева «Түрік әлемі балаларының ынтымақтастығы» атты шарада сөйлеген сөзінде түрік әлемінің әрқашан ынтымақта болғанын және мұны Әзербайжандағы Қарабах соғысында көргендерін атап көрсетті.

«Балаларымыз болашақта бір-біріне қолдау көрсетсе екен деймін, Түрік әлемінің балалары иық тірестірсін, ХХІ ғасыр түрік ғасыры болсын» деді ол.

Әзербайжанның Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің басшысы Мурадова түркі әлемінің барлық жерінде отбасы мен балалардың маңызды фактор екенін атап өтті.

Ол «Біздің балаларымыз дәстүрлі және заманауи құндылықтарды бойына сіңіріп өсуі керек» деген сөздер қолданды.

Шара Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы елдердің балаларының өнер көрсетуімен  жалғасын тапты. Әзербайжандық бастауыш сынып оқушылары да театр, музыка және би қойылымдарын көрсетті.  Мерекелік шарада балаларға түрлі сыйлықтар тарту етілді.



Ұқсас жаңалықтар