Қырғызстанда депутаттар ант берді

Мандаттарын алған депутаттар мінберде ант берді.

1754227
Қырғызстанда депутаттар ант берді

Қырғызстанда 28 қараша күні болған жалпы халықтық сайлаудан кейін 7-ші кезең парламент үшін депутаттар ант берді.

«Ынтымақ» партиясының депутаты Шарапакан Мажитова жасы ең үлкен депутат ретінде мәжілісті басқарды. Мажитова сайланған депутаттарға халық және ел үшін жақсы жұмыстануды тіледі.

Ұлттық әнұран оқылғаннан кейін рәсімде Орталық сайлау комитетінің төрайымы Нұржан Шайылдабекова депутаттарға мандаттарын тапсырды.

Мандаттарын алған депутаттар мінберде ант берді.

Парламентте «Ата Жұрт Қырғызстан» 15, «Сенім» 12, «Ынтымақ» 9, “Альянс» 7, «Бүтін Қырғызстан» 6 және «Иман нұры» 5 депутатқа ие.

Осылайша 90 орынды парламентте 54 орынға саяси партиялар, 36 орынға да тәуелсіз кандидаттар отырды.

Айырықша келесі жылдың басында Бішкектің екі ауданында тәуелсіз кандидаттар бақ сынайтын сайлау қайталанады.



Ұқсас жаңалықтар