Месхет түріктері мен ұйғырларға Түркия азаматтығы берілді

2002 жылдан кейін 95 мың 845 месхет түркіне және 5 мың 836 ұйғырға Түркия азаматтығы берілді.

1752673
Месхет түріктері мен ұйғырларға Түркия азаматтығы берілді

Ерекше азаматтық шеңберінде 2002 жылдан кейін 95 мың 845 месхет түркіне және 5 мың 836 ұйғырға Түркия азаматтығы берілді.

Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, «заңды тұру құқығы» шеңберінде Түркияда 26 мың 681 месхет және 19 мың 328 ұйғыр өмір сүреді.  18 мың 611 месхет түркі және 17 мың 997 ұйғырдың «мерзімсіз тұру құқығынан» туындаған ықтиярхаттары бар.

Айырықша месхет және ұйғырларға Көгілдір түсті ықтиярхаттары берілген. Оның ерекшелігі ықтиярхат үшін ақы төлемейді.

2002 жылдан бұрын 4 мың 840 месхет және 325 ұйғыр Түркия азаматы болса, 2002 жылдан кейін 95 мың 845 месхет және 5 мың 836 ұйғыр «ерекше азаматтық» шеңберінде Түркия азаматы болды.

Миграция Басқармасы құрамында құрылған Түрік және ағайын қауымдастықтар департаменті Түркиядағы месхет және ұйғырларға бағыттап жұмыстар атқаруда. Айырықша заңды мәртебеге байланысты істері де «Түрік тектестер арнайы офисінде» шешіледі.

Түркияда ұйғырлар мен месхет түріктері тарапынан құрылған көптеген үкіметтік емес ұйымдар да жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар