Нұр-Сұлтанда Юнус Эмре хикметтері шырқалды

«Юнус Эмре және Түрік тілі жылы» Қазақстанда ұмытылмады.

1750320
Нұр-Сұлтанда Юнус Эмре хикметтері шырқалды

2021  «Юнус Эмре және Түрік тілі жылы» Қазақстанда ұмытылмады.

Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтанда Юнус Эмре хикметтері шырқалды.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Зағипа Иманғазиева Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Бабалар салған сара жол» атты концерт берді.

Қазақ-түрік мәдениетін паш еткен концертте ұлы ойшыл Юнус Эмренің хикметтері, Қорқыт Ата күйлері, түрік тілінде әндер мен түрік халық билері орындалды. Өнерпаздардың өнері жұртшылықтың көңілінен шықты.

Ерекше концертке қазақ көрермендермен бірге мәдениет қызметкерлері, ғалымдар және шетелдік дипломаттар қатысты.

Концерт барысында түріктің ақыны,  ойшыл Юнус Эмренің хикметтері ерекше қошамет көрді.

 



Ұқсас жаңалықтар