Нобель сыйлығының иегері профессор Азиз Санжар Бакуде

Санжар: "Күшімізді іргелі ғылымдарға жұмсайық".

1744177
Нобель сыйлығының иегері профессор Азиз Санжар Бакуде

Нобель сыйлығының иегері түрік ғалым профессор, доктор Азиз Санжар түрік әлеміне "Ресурсымыз бар. Адам күшіміз бар. Әлеуетіміз зор. Күшімізді іргелі ғылымдарға жұмсайық. Балаларымызды эксперименттік ғылымға үйретейік" деп үгіт-насихат айтты.

Әзербайжан Мемлекеттік экономика университеті тарапынан ұйымдастырылған Экономикалық форумға (UEF Baku 2021) қатысу үшін Бакуге барған Азиз Санжар кеше баспасөз мәслихаты өткізді.

Санжар Әзербайжанның жерін армян басқыншылығынан құтқару үшін 2020 жылы жүргізген 44 күндік соғысты күні-түні қадағалағанын атап «Таулы Қарабах жеңісі Түркияның Тәуелсіздік соғысынан кейінгі түрік әлемінің ең үлкен жеңісі» деді.

Соңғы 5 жылдан бері түрік әлемін аралап, басшыларға іргелі ғылымдарға инвестиция салуға кеңес бергенін айтқан Санжар «Толық тәуелсіздік пен құқығымызды қорғай алатын деңгейге қол жеткізгіміз келсе, іргелі ғылымға инвестиция салуымыз керек. Мен түрік ұлтшылымын. Түрік ұлтшылдарының бір қыры – ғылымда мықты болу. Ғылымда мықты болмасаң, сыртқы күштердің жасағандарына қарсы шыға алмайсың. Біздің пилотсыз әуе көліктеріміз ғылымға негізделген. Ресурсымыз бар. Адам күшіміз бар. Әлеуетіміз зор. Күшімізді іргелі ғылымдарға жұмсайық. Балаларымызды эксперименттік ғылымға үйретейік» деді.

Санжар жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) табиғи немесе жасанды бір вирус болып болмағаны жөніндегі бір сұраққа «Ковид-19 эпидемиясын қытайлықтар ойлап таппады. Көптеген қауесеттер айтылады. Ковид-19 табиғаттан пайда болды. Бәрі осы» жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар