Стамбулда Қазақстан тәуелсіздігіне концерт

Іс-шараны Түркия қазақтарының «Көк Ту» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.

1741920
Стамбулда Қазақстан тәуелсіздігіне концерт
Kazakistan_konser_kazakça_Köktuğ
Kazakistan_konser_kazakça_Köktuğ
Kazakistan_konser_kazakça_Köktuğ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы Стамбул төрінде тойланды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Стамбул төрінде «Сазген» фольклорлы-этнографиялық халық аспаптар ансамблінің концерті болып өтті. Стамбулдың Малтепе ауданында өткен іс-шараны Түркия қазақтарының «Көк Ту» қазақ мәдениеті қоғамы ұйымдастырды.

Игі шарада қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары мен ежелден сақталған дәстүріне тән қоңыр үнділік, фольклорлық музыкамыздағы көркемділік, ұлттық ән-күйіміз, биіміз өнер сүйер қауымды тәнті етті.

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі өз репертуарындағы халық әні мен күйі, биі арқылы түрік халқының ыстық ықыласына бөленді. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі – Қарақожаева Тұрсынхан Төкенқызы.

Шараның бас ұйымдастырушы «Көк Ту» қазақ мәдениеті қоғамы 2018 жылы Анкара қаласында құрылып, 3 жарым жыл ішінде Түркияда қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау жолында ерен еңбек етіп келеді.

Аталмыш концерт Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркияның Ялова, Бурса, Анкара қалаларында жалғасын табады.



Ұқсас жаңалықтар