Сочиде бас қосады

Сочиде Путин, Әлиев және Пашинян арасында үштік кездесу өткізіледі.

1737739
Сочиде бас қосады

Ресей президенттік аппараты Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянның 26 қараша күні Сочиде бас қосатынын хабарлады.

Кремльдің хабарламасына қарағанда, Сочиде Путин, Әлиев және Пашинян арасында үштік кездесу өткізіледі.

Кездесудің 26 қараша күні өтетіні айтылған хабарламада «Кездесуде Қарабах ібітімдерінің орындалуын талқылау, аймақта тұрақтылықтың арттырылуы және бейбіт өмірдің орнатылуы үшін басылатын қадамдардың анықталуы жоспарланды» деген сөздер қолданылды.

Сонымен бірге аймақтағы сауда және транспорт жолдарының ашылуы мен жөнделуі тақырыбына арнайы орын беріледі. Путин Әлиев және Пашинянмен жеке-жеке де кездеседі.

 



Ұқсас жаңалықтар