Министр Акар әзербайжандық әріптесі Хасановпен сөйлесті

Хулуси Акар мен Әзербайжан Қорғаныс министрі Армения шекарасындағы шиеленісті талқылады.

1734902
Министр Акар әзербайжандық әріптесі Хасановпен сөйлесті

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Акар мен Хасанов телефонда әңгімелесті.

Хасанов Акарға шекарадағы шиеленіс туралы ақпарат беріп, Арменияның арандатушылық әрекетінің алдын табанды түрде алғанын білдірді.

Акар болса Түркияның әрдайым Әзербайжанды қолдағанын қайталады.

Армения армиясы шекарадағы кейбір биік орындарды басып алу және қолайлы бекіністерге ие болу үшін кеше жергілікті уақытпен сағат 11:00-де Лачин және Келбаджер бағытында әскери операция бастады. Шабуылда екі Әзербайжан сарбазы жараланды.

Әзербайжан армиясы да дәл осы бағытта операция бастады, шабуылды жасаған армян әскерлері қарусыздандырылып, тергеуге алынды



Ұқсас жаңалықтар