Түрік Кеңесінің аты “Түрік Мемлекеттері Ұйымы” болып өзгерді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен Демократия және бостандық аралында өткізілген саммиттен кейін орттақ хаттама жарияланды.

1733362
Түрік Кеңесінің аты “Түрік Мемлекеттері Ұйымы” болып өзгерді

Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммитінде жарияланған хаттамамен Түрік Кеңесінің аты “Түрік Мемлекеттері Ұйымы” болып өзгерді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен  Демократия және бостандық аралында өткізілген саммиттен кейін орттақ хаттама жарияланды.

Хаттамада Түрік Кеңесінің атының “Түрік Мемлекеттері Ұйымы” болып өзгергені білдірілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан  басталған "Түркі әлемі 2040  стратегиялық құжатының" түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне, ынтымақтастығына бағыт сілтейтін бір құжат ретінде қабылданғаны білдірілген хаттамада Түрікменстанның бақылаушы ел ретінде Ұйымға қатысқаны, сондай-ақ мұның Түркі мемлекеттері және халықтары арасындағы селбесу мен ынтымақтастықты дамытатыны түсіндірілді.

Әзербайжанның "44 күндік отан соғысындағы" жеңісі құттықталған хаттамада Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа түсуіне қолдау жасалды.

Хаттамада Кипр мәселесінде Аралдағы шындықтар негізінде әділетті, түбегейлі және өзара қабылдайтын бір шешімнің табылуы керектігі түсіндірілді. Тепе-теңдік негізінде Кипр халқымен ынтымақтастық жасау және  селбесу атап өтілді.

Хаттамада Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайға бейбіт шешім табылуы жолындағы Қырғызстанның талпыныстарына қолдау көрсетілді. Хаттамада екі ел арасындағы диалогке ризалық білдіріліп, өзара сенімді күшейту және туылуы мүмкін қақтығыстардың алдын алу үшін екі тараптың қажетті қадам басуы талап етілді.

Хаттамада террор, ұшқарылық, бөлшектеушілік, нәсілшілдік, шетел дұшпандығы және Исламофобия сынды сөздерге қарсы күресте ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ осы салаларда халықаралық деңгейде бірге әрекет жасауға шешім қабылданғаны білдірілді.

Хаттамада өзара сауда және инвестицияны жеңілдету үшін шаралар жасалып, мүше елдер арасындағы сауда байланысының күшейтілуі атап өтілді.

Хаттамаға қазақ тілі, қырғыз тілі, түрік тілі, өзбек тілі және әзербайжан тілінде қол қойылды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар