Қазақстанда сайлау басталды

Қазақстанда тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерін халық сайлайды.

1679742
Қазақстанда сайлау басталды

Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет ауыл, кент, ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерінің тәуелсіз сайлауы өтеді.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметі бойынша 730 сайлау округінде 2582 үміткер ұсынылған.

Қазақстан Орталық сайлау комиссияның мәлімдемесіне қарағанда елде құрылған 1847 сандықта 1 миллион 210 мың сайлаушы дауыс қолданады.

Сайлау өткеннен кейін 3 күннің ішінде нақты қорытынды жарияланады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халық үндеуінде елде ауылдық округ және аудандық маңыздағы қала әкімдерін халықтың сайлауын тілге тиек етіп, сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.

Тоқаевтің айтуынша барлық адам санының 40 пайызы ауылдық аймақтарда өмір сүрген елде аталмыш саяси сайлаулар саяси модернизациялаудың маңызды қадамы болмақ.



Ұқсас жаңалықтар