Әзербайжан армиясы жаттығуда түрік пилотсыз ұшақтарын қолданды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі «Байрактар» пилотсыз ұшақтары қолданылған жаттығудың бейне көріністерін бөлісті.

1641481
Әзербайжан армиясы жаттығуда түрік пилотсыз ұшақтарын қолданды

Әзербайжан армиясының жаттығуында түрік өнімі «Байрактар» пилотсыз әуе көліктері де қолданылды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі бөліскен бейне хабарламада «Байрактар» пилотсыз ұшақтарының ангардан шығарылуы және аспанға көтерілуі көріністері орын алды.

«Байрактар» пилотсыз ұшақтары операциялық сценарий бойынша белгіленген дұшпан нысаналарын анықтау және жинаған мағлұматтарды бақылау орталығына жеткізу қызметтерін табыспен орындады.

Әзербайжан армиясының 15 мың әскердің қатысуымен кеше басталған әскери жаттығуы 20 мамыр күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар