Татарстанда мектепке шабуыл жасалды

Шабуылда бір мұғалім 8 оқушы қаза тауып, 10 адам да жарақат алды.

1637918
Татарстанда мектепке шабуыл жасалды
Tataristan okul-1.jpg

Татарстанның бас қаласы Қазанда бір мектепке жасалған қарулы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 9 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды.

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазандағы бір мектепке қарулы шабуыл жасалды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда қарулы шабуылда 1 мұғалім мен 8 оқушы қаза тапты. Шабуылда кем дегенде 10 адам да жарақат алды.

Жергілікті лауазымдылардың алғашқы мәлімдемелеріне қарағанда куәлігі белгісіз бір адам Файзи даңғылындағы № 175 мектепке қарулы шабуыл жасады.

Шабуылдаушыларды көрген және қару дауыстарын естіген оқушылар үрейленіп, мектептің терезесінен секірді.

Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жіберілді. Лауазымдылар шабуылдаушылардың бірінің 17 жасар екенін және қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар