Қызғалдақ атамекеніне оралды

«Назарбаев» қызғалдақтары енді Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің ботаникалық бағында өсіріледі.

1624190
Қызғалдақ атамекеніне оралды

Нидерландының ұлттық гүлі ретінде танымал қызғалдақ атамекеніне оралды.

 «Назарбаев» қызғалдақтары енді Қожа Ахмет Ясауи атындағы университеттің ботаникалық бағында өсіріледі.

Нидерландының ұлттық гүлі ретінде танымал қызғалдақтың Еуропадағы серуенінің тарихы Орталық Азия даласына барып тіреледі. Қазақстан даласында жабайы гүл болып өсетін қызғалдақ алдымен Анадолыға, содан кейін Еуропаға керуендер арқылы жеткен.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің ректоры Жанар Темірбекова осы қызғалдақ түріне байланысты баспасөзге мәлімет берді. Ол қызғалдақтың түрік мәдениеті мен өнерінде ерекше орынға иек екенін атап көрсетті. Темірбекова бұл гүлдің ғасырлар бойы Қазақстан жерінде өсіп келе жатқанын және халықтың сүйіспеншілігіне бөленгенін айтты.

Бүгінгі күні Нидерландының экономикасына үлкен үлкес қосқан қызғалдақ енді өз отаны Қазақстанға қайта оралды.

2014 жылы Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нидерландыға кезекті сапары кезінде селекционерлер оған «Назарбаев» қызғалдақтарын сыйлады. Осылайша әдемі, қызыл түсті қызғалдақ Қазақстанға оралды.

2020 жылы Түркістанға 3 мың данасы әкелінген қызғалдақ Қожа Ахмет Ясауи Университетінің ботаникалық бағында өсіріле бастады. Алғашқы гүлдер университеттің зейнетке шыққан профессорларына таратылды.



Ұқсас жаңалықтар