Қазақстанда ауа райы

Кейбір рейстер тоқтап қалды.

1607650
Қазақстанда ауа райы

Қазақстанда ауа райы әлі қатаң болып тұр.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі соңғы 24 сағатта 724 адамның қардан құтқарылғанын хабарлады. Бұлардың 111-і бала. Елорда Нұр-Сұлтан қаласында 74 жол апаты тіркелді. Апаттарда адам өлімі тіркелмеді.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында кейбір рейстер тоқтап қалды.

Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстарында 608 көлікпен эвакуация істері атқарылуда.

Салқын ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жол қатынасына шектеме келтірілді.  Елдің 13 өңірінде дауыл болады деп ескерту жасалды.



Ұқсас жаңалықтар