Қазақстан жаңа жетілдірген қазақ әліпбиіне көшеді

Асқар Мамин «Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді" деді.

1573321
Қазақстан жаңа жетілдірген қазақ әліпбиіне көшеді

Латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия 2023-2031 жылдары аралығында кезең-кезеңмен көшетін латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиін таныстырды. 

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тарапынан жетілдірген жаңа әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді.
Жетілдірілген әліпбиде 9 дауысты дыбыс бар, жалпы әріп саны-31. Әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған. Алайда әліпбиде орын алмаған x,w секілді әріптер шетел тіліндегі сөздерде ғана қолданылады. 

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин «Жетілдірілген әліпби нұсқасы қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп, оның заманауи үрдістерге сай жаңғыруына ықпал етеді" деді. 

1940 жылынан бастап, кирилл әліпбиін қолданған Қазақстан 2017 жылы кезең-кезеңмен латын графикасындағы жаңа жетілдірілген  қазақ әліпбиіне көшу жөнінде шешім жасаған еді. 
 



Ұқсас жаңалықтар