Әзербайжандық теңізші Ферман Исмаиловтың мәйіті Бакуге жіберілді

«Моцарт» кемесіне теңіз қарақшыларының шабуылы кезінде өлтірілген әзербайжандық теңізші Ферман Исмаиловтың мәйіті Бакуге жіберілді.

1571844
Әзербайжандық теңізші Ферман Исмаиловтың мәйіті Бакуге жіберілді

Нигерия теңіз айдынында шабуылға ұшыраған «Моцарт» кемесінің Әзербайжан азаматы экипаж мүшесі Ферман Исмаиловтың мәйіті Әзербайжанның бас қаласы Бакуге жіберілді.

Габонның бас қаласы Либревильден азанғы уақытта Түрік Әуе жолдарына тиесілі тарифті ұшақпен Стамбул әуежайына әкелінген Исмаиловтың мәйіті жүк көлігіне қойылды.

Мәйіттің ресми құжаттау жұмыстарының артынан сағат 07:00-де ТӘЖ-ның TK0332 нөмірлі Стамбул-Баку рейсімен жерлеу рәсімі үшін мемлекеті Бакуге шығарып салынды.

Либерия байрақты «Моцарт» атты кеме 23 қаңтар күні Нигерияның Лагос қаласына шамамен 180 милдей қашықтықта теңіз қарақшыларының шабуылына ұшыраған болатын.

Лагостан Оңтүстік Африканың Кейп-Таун қаласына бара жатқан кемеге шабуылдаған теңіз қарақшылары 19 адамнан тұратын экипаж мүшелерінен Әзербайжан азаматы 1 теңізші өлтіріп, 15 түрік теңізшіні алып қашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар