Қырғызстанда үкімет отставкаға кетті

Вице-премьер Артем Новиков уақытша үкіметтің өз қызметін жалғастыра беретіндігі білдірді.

1568495
Қырғызстанда үкімет отставкаға кетті

Қырғызстанның Орталық сайлау және Халықтық дауыс беру комитетінің 10 қаңтар күні болып өткен президенттік сайлауда Садыр Жапаровтың жеңіске жеткенін жариялауымен, 3 ай бұрын Жапаров басшылығында құрылған үкімет отставкаға кетті.

Президенттік аппараттың баспасөз орталығы жасаған мәлімдемеде президенттің міндетін уақытша атқарып отырған парламент төрағасы Талант Мамытовтың кабинет мүшелерінің отставкасын қабылдағаны айтылды.

Мәлімдемеде жаңа үкімет құрылғанша премьер-министр қызметін атқарған бірінші вице-премьер Артем Новиков бастаған уақытша үкіметтің өз қызметін жалғастыра беретіндігі білдірілді.

Екінші жағынан Қырғызстанның тәуелсіздік тарихында 6-шы Президент болып сайланған Жапаровтың ұлықтау рәсімінің 28 қаңтар күні бас қала Бішкектегі Үлкен концерттік залда өтетіні жарияланды.

4 қазан күні өткен парламенттік сайлаудың күшін жоюды талап еткен оппозиция жақтастары ұйымдастырған шерулер 5 қазан күні зорлық-зомбылық оқиғаларына айналғаннан кейін президенттік сарай мен парламентті басып алған еді.

Президенттік резиденцияда жиналған парламент мүшелері 5 қазан күнгі оқиғалар кезінде жақтастары тарапынан түрмеден босатылып, «уақытша премьер-министр» деп жарияланған бұрынғы Атажұрт партиясының депутаты Жапаровтың премьер-министрлігі мен оның кабинетін 10 қазанда бекіткен болатын.

Елді 3 жыл басқарған президент Сооронбай Жээнбеков қызметінен кеткен соң Жапаров президенттікке үміткерлігін жариялап, премьер-министр қызметінен кеткен еді.

Жапаров 10 қаңтарда болып өткен кезектен тыс ерте президенттік сайлауда 79,20 пайыз дауыс жинап, президент болып сайланды.



Ұқсас жаңалықтар