Нахчыван дәлізі - аймақ үшін маңызды

Оны Әзербайжан, Түркия, Ресей, Иран және Армения қолданады.

1559382
Нахчыван дәлізі - аймақ үшін маңызды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Әзербайжанның батыс қалалары мен Нахчыван автономдық республикасын Армениядан өтіп бірлестіретін қатынас дәлізінің Әзербайжан,  Түркия, Ресей, Армения және Иранның қолданатынын айтты.

Әлиев экономика саласының басшыларымен бірге өткізген жыл қорытындысы жиналысында басқыншылықтан азат етілген Зенгилан қаласының Агбенд ауданына дейін жаңа теміржолы магистралы салынатынын білдірді. Ол сол желіде бұрын болған теміржолды армяндардың қиратқанын айтты. Әлиевтің айтуынша бұл желі Нахчыванға дәліз ашу үшін өте маңызды.

Әлиев Нахчыванға ашылатын дәліз тақырыбының 2020 жылдың 10 қараша күні Әзербайжан, Ресей және Армения арасында қол қойылған үштік декларацияда да орын алғанын еске салды. «Осы желі міндетті түрде ашылады және аймаққа жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Әзербайжан, Түркия, Ресей, Армения және Иран да қолданатын осы желі болашақтағы жан-жақты ынтымақтастық үшін ерекше орынға ие» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар