Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2120982
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрлігі: Бельгиядағы оқиғаларды қадағалаудамыз» деген хабарға орын берген. Бельгияда PKK жақтастарының түрік қауымдастығына жататын мешіттер мен бірлестіктерге шабуылдары жалғасып жатқанда, Сыртқы істер министрлігі оқиғаларды мұқият  қадағалап отырғанын және министр Хакан Фиданның бұл мәселеге байланысты Бельгия Сыртқы істер министірмен сөйлескенін мәлімдеді.

Сабах газеті  «Министр Мехмет Фатих Каджыр: Түрік елі көкте ізін қалдырған жобаларды жүзеге асырды» атты хабар жариялаған. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр Түркияның 2000 жылдары күшті ерік-жігермен көкте ізін қалдырған жобаларды жүзеге асырғанын білдіріп, «Түркия Байрактар, Анка, Аксунгур, Акынжы, Хуркуш, Хүржет, Атак, Гөкбей, Қызылелма және Каанды өндірді және бұлар көкке көтерілді. Түрік елі көкте ізін қалдырған жобаларды жүзеге асырды» деді.

Ватан газеті «Стамбулға екі айда 2 миллион 457 мың 518 шетелдік турист келді» деген хабарға орын берген. Стамбул 2024 жылдың алғашқы 2 айында 2 миллион 457 мың 518 шетелдік қонақты қабылдады. Стамбулға келген шетелдіктер саны өткен жылдың бердей кезеңімен салыстырғанда 8,08 пайыз артты. Стамбулды ақпан айында көбіне орыстар таңдады.

Стар газеті  «ANKA-3 үшінші рет көкке көтерілді» атты хабар жариялаған. Түрік аэроғарыш өнеркәсібі 2023 жылы 28 желтоқсанда алғашқы ұшуы болған ANKA-3 үшін әзірлеу және сынақ жұмыстарын жалғастыруда. Алғашқы рейстен алынған мәліметтермен жетілдіріліп, кейін жаңа сынақ рейстерін жасаған ANKA-3 үшінші рет көкке көтерілді. Соңғы ұшуында 2 сағат аспанда болған ANKA-3 жылдамдығы 160 түйінге жетіп, 10 мың фут биіктікке көтерілді.

Хабер Түрік  газеті «Эда Эрдем Дүндар Халықаралық батыл әйелдер сыйлығына үміткер» деген хабарға орын берген.Ұлттық әйелдер волейбол командасымен қатар Фенербахче Опеттің капитаны Эда Эрдем Дүндар АҚШ Мемлекеттік департаменті беретін «Халықаралық батыл әйелдер» сыйлығына ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар