Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2131430
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған PKK Иракқа да қауіп төндіреді» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымы PKK/PYD/YPG-нің Ирактың тұрақтылығына, дамуы мен тыныштығына қауіп төндіретінін атап көрсетті. Ердоған бұл қауіпті жоюдың Ирактың да мүддесі екенін білдірді.

Хүррийет газеті «Ердоғанның 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесіне арналған хабарламасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Ердоған 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне байланысты хабарлама жариялады. Ердоған «Болашағымыздың кепілі болған бүлдіршіндеріміздің әрбір күнінің мереке қуанышындай өтуіне тілектеспін» деді.

Ватан газеті «23 сәуір күні еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен ықыласпен тойланды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар күні мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) ашылғанына 104 жылдығы ел көлемінде тойланды. Балалар 23 сәуір күніне арналған іс-шараларды көңілді өткізді. Елдің түкпір-түкпірінде өткізілген іс-шараларда лауазымдылар бір тәулік бойы орындарын балаларға тапсырды, қалалар тулармен безендіріліп, әуе шарлары ұшырылды.

Йени Шафак газеті «Мехмет Шимшек: Түркияға деген сенім күшті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек АҚШ-тың инвестор бағдарламаларына қатысты. Министр Шимшек «Бұл кездесулердің барлығында Түркияның экономикалық бағдарламасына деген сенімнің күшті екенін тағы бір рет көрдік» деді.

Стар газеті «Еуропада авиациялық үстемдік Түркияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның авиациялық инфрақұрылымға бағытталған инвестицияларының нәтижесінде Стамбул әуежайы Еуропада ең көп рейс ұшатын әуежайға айналды. Стамбул әуежайында 2023 жылы күнделікті орташа рейс саны өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға артып, 1 375-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар