Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2132421
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Сыртқы істер министрлігінен Чилиге «1915 айыптауы» наразылығы» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Чили парламентінің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп қабылдауына наразылық көрсетті. Министрлік мәлімдемесінде «Шешімді «жоқ» деп есептейміз. Парламенттердің тарихты пайымдау жауапкершілігі жоқ» делінді.

Стар газеті «Түркия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде шекараны сызды!» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде шекараны сызды! Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Тұрақты өкілі Елші Ахмет Йылдыз PKK/YPG террор ұйымы және оның бөлшектеуші террор күн тәртібінің Сирияның келешегінде орны жоқ екенін білдірді.

Хүррйет газеті «Жыл басынан бері 802 террорист залалсыздандырылды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирак пен Сирияның солтүстігіне қоса соңғы бір аптада 54, 2024 жылдың 1 қаңтар күнінен бері Ирактың солтүстігінде 360, Сирияның солтүстігінде 442, барлығы 802 террорист залалсыздандырылды.

Сабах газеті «Йылмаз: Түркия экономикасы 14 тоқсан бойы үздіксіз өсуде» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Вице-президент Джевдет Йылмаз Түркия экономикасының жаһандық және аймақтық қиындықтарға қарамастан жағымсыз жағдайларды артта қалдырғанын және 14 тоқсан бойы үздіксіз өсу процесін жалғастырғанын мәлімдеді. Йылмаз Түркияның өсу көрсеткіші бойынша 2023 жылы Еуроодақ елдері мен ЭЫДҰ елдері арасында екінші орында екенін атап көрсетті.

Йени шафак газеті «Түркия вакцина өндірісінің базасына айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияның «вакцина өндірісі базасы» үшін жұмыстың қарқынды түрде жалғасып жатқанын атап, «50 мың шаршы метрлік жабық алаңымен халыққа қызмет көрсететін Хыфзыссыха-Түркия вакцина және биотехнологиялық өнім ғылыми-өндірістік орталығының бірінші кезеңі жақын арада аяқталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар