Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2131961
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: терроризмге қарсы қолдау күтеміз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен өткізген баспасөз мәслихатында халықтың тыныштығын бұзған террор ұйымдарымен, әсіресе PKK және FETÖ-ға қарсы күреске де тоқталғанын баяндап, «Терроризммен күресте Германия билігінен тіпті көп қолдау күткенімізді жеткіздім» деді.  

Хүрриет газеті «Президент Ердоғанның 1915 жылғы оқиңғасы жайлы жолдауы» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған түрік армяндарының патриархы Сахак Машалянға 1915 жылғы оқиғаға байланысты хабарлама жолдады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың (1914-1918) қиын жағдайында қаза тапқан Османлы армяндарына көңіл айтқан Ердоған бұл соғыстың Османлы жерінде келтірген қирауының естеліктерде терең із қалдырғанын баса айтты. Президент Ердоған «Біз бірде-бір армян азаматының өз отанында шеттетілуіне немесе өзін екінші сортты сезінуіне жол бермедік және бермейміз» деді.

Хабер Түрік газеті «Уралоғлу: Зеңгезүр дәлізі арқылы Түркия мен Орталық Азия арасында жаңа байланыс орнатамыз» деген хабарға орын берген. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «Түркия мен Әзербайжан арасында тікелей теміржол және автомобиль қатынасын қамтамасыз ететін Зеңгезүр дәлізі арқылы Түркия мен Орталық Азия арасында жаңа байланыс орнатамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия жеміс өндіруде әлемде 4-ші орында» атты хабар жариялаған. «GeeksforGeeks» технологиялық платформасының 2024 жылдың наурыз айындағы есебінде Түркия жылдық 25 миллион тонна өнімімен әлемдегі ең көп жеміс өндіруші елдер тізімінде төртінші орында болды.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды» деген хабарға орын берген. Стамбул әуежайы 8-14 сәуір аралығында тәулігіне орташа есеппен 1428 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар