Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2119810
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия талшықты инфрақұрылым бойынша Еуропада екінші орында» деген хабар жариялаған. Инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларда табысты жұмыстар атқарған Түркия талшықты инфрақұрылым бойынша Еуропада Франциядан кейінгі екінші ел болды. Түркияда үйге дейін талшықты инфрақұрылым жобасы бойынша 18 миллион үй қамтылды.

Ватан газеті «Ататүрік әуежайы әлемнің ең үлкен технология және кәсіпкерлік орталығы болады» деген хабарға орын берген.  Өнеркәсіп және технология министрі Фатих Кажыр Стамбулдағы Ататүрік әуежайының терминал ғимараттарының болашағына байланысты таныстыру жиналысы өткізгендерін айтты. Министр Кажыр «Бұл әлемдегі ең үлкен технологиялық кәсіпкерлік орталығы болады» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия мұнай өндіруді жылдамдатты» деген тақырып қолданған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Шырнак Габарда күніне 37 мың баррель мұнай өндіретіндерін мәлімдеді. Министр Байрактар ​​«Рамазан айының соңында (9 сәуір) өндірісті 40 мың баррельге жеткіземіз. Біздің мақсат – жыл соңына дейін 100 мың баррель» деді.

Сабах газеті «Биржа Стамбул ұзақ мерзімді перспективада қарсылас танымайды » деген хабар жариялаған. Соңғы 5 жылды өсіммен аяқтаған «Borsa Стамбул» 2024 жылды жылдам бастады. Жыл басынан бері 22 пайызбен әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан үшінші нарық болып табылатын «Borsa Стамбул» ұзақ мерзімді перспективалы инвесторлардың көңілін қалдырмайды.

Хабер Түрік газеті «Галатасарай Еуропаның шыңында» деген хабар жариялаған. 81 ұпаймен «Трендйол» суперлигасының көш басында тұрған «Галатасарай» өз алаңында еш қиындықсы жеңіске жетіп келеді. Команда  Еуропаның 5 негізгі лигасы мен Суперлига бойынша өз көгалында ең көп ұпай жинаған команда болды. «Галатасарай» осы маусымда өз көгалында өткізген 15 матчтың барлығында жеңіске жетіп, осы салада алдына жан самай тұр.



Ұқсас жаңалықтар