Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1852546
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Қаратеңізде дәнді дақыл дәлізі жоспары» атты хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Марио Драгимен бірге ортақ баспасөз жиналыс өткізді.  Ердоған Қаратеңіздегі дәнді дақыл дәлізі жайлы «Ресей президенті Владимир Путиннің де, Украина президенті Владимир Зеленскийдің де мәселеге қатысты көзқарастары өте маңызды .Бір апта немесе 10 күн ішінде келіссөздерімізді жандандырып, нәтижеге жетуге тырысамыз» деп көрсетті.

Сабах газеті «Швеция министрінің Түркия мәлімдемесі» деген хабар жариялаған. Мадридте НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швеция және Финляндиямен «үштік меморандумға» қол қойылды. Түркияның барлық талаптары қабылданған келісімнен кейін Швециядан таңқаларлық мәлімдеме келді. Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде «Біз үшжақты меморандумды толығымен орындаймыз, оны ұстанамыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Шенген визасы қиыншылық туғызуда» атты хабар жариялаған. Түрік азаматтары Шенген визасын алуда қиыншылық шегуде. Осыған орай Анкара аттанысқа кірісті. Еуропа Кеңесі Парламенттер Мәжілісіне де осы тақырыпқа байланысты бір рапорт ұсынылды.

Стар газеті «Дос елмен көмірсутегі ынтымақтастығы» деген хабарға орын берген. Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд елінің көмірсутегі резервтері тақырыбында Түркия мен Сомали үкіметтерінің ынтымақтастық келіссөздерді жалғастырғанын мәлімдеді. Хасан Шейх Махмуд «Көмірсутегі саласында үкіметаралық серіктестік мәселесін талқылауды бастадық» деген сөздер қолданды

Йени Шафак газеті «Түрік Әуе жолдары мен Стамбул әуежайы тағы да үздік» атты хабар жариялаған. Стамбул әуежайы мамыр айында 5 миллион 661 мың 151 жолаушы тасымалдаумен  Еуропадағы әуежайлар арасында бірінші орынды иеледі. Түрік Әуе жолдары болса 27 маусым мен 3 шілде арасында күндік мың 510 рейс санымен көп жолаушы санын арттырған әуе жолы болды.

 



Ұқсас жаңалықтар