Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2129768
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Батыс Израильге бірауыздан «тоқта» деу керек» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Израильді нысанаға алған Иранға қарсы жылдам қозғалған батыс елдерінің Газа секторы тақырыбында үнсіздігін сынға алды. Ердоған «Батыс елдерінің Иранға қарсы бір ауыздан қозғалғанын көрдік. Сол актерлер енді Израильге бірауыздан «тоқта» деу керек» деді.

Стар газеті «Куртулмуштан сионист қысымның құрбаны болған ғалымдарға шақыру» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш сионистік қысымға ұшыраған барлық ғалымдарға үндеу жасады. Куртулмуш «Түркияның есігі әрбір ғалымға ашық» деді.

Йени шафак газеті «Грекияның бастамасына Түркия жауап қайтарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис Ион және Эгей теңіздерінде құруды жоспарлаған «теңіз саябақтары жобасына» Түркия қатаң наразылық көрсетті. ТР Сыртқы істер министрлігі халықаралық келісімдерге сәйкес Грекияға тиесілі емес аралдар мен жартастардың мәртебесі туралы Грекия тарапының құқығы жоқ екенін хабарлады.

Хабер түрік газеті «Стамбул әуежайы 10-шы орында» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда орталығы Ұлыбританиядағы авиациялық рейтинг мекемесі «Skytrax» әлемдегі ең жақсы әуежайларды анықтады. Жолаушылармен жүргізілген сауалнамаларға негізделген тізімде Стамбул әуежайы «World Airports Awards 2024» сыйлықтары аясында 10-шы орын алды.

Хүррийет газеті «Mobilefest 2024 көрмесі үшін кері санақ басталды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуразия аймағындағы ең үлкен технология көрмесі «Mobilefest» 25-27 сәуір күндері аралығында Стамбулда өтеді. Төртінші рет өткізілетін «Mobilefest» Коммуникациялық технологиялар көрмесі мен конференциясы 300-ден астам бренд және 20 мыңнан астам келушіні қабылдайды.



Ұқсас жаңалықтар