Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1701919
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кешегі мәлімдемесінде Кабул әуежайының жұмыс істеуіне байланысты «Талибаннан және кейбір елдерден бізге ынтымақтастық тақырыбында сұраныс бар.  Барлығын қарастырып жатырмыз. Барша сенімді болатын қауіпсіздік орнатылуы қажет. Бұны Талибанға жеткіздік» деді.

Сабах газеті көш толқынына байланысты хабарға орын берген.

Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик кеше Ауғанстандағы соңғы ахуалға тоқталды. Ол болуы мүмкін көш толқынына қарсы халықаралық қоғамға ескерту жасады. Челик Түркияның бір босқынды да қабылдайтын әлеуеті жоқтығын айтты.

Стар газеті «Техникалық қолдау үшін Түркиямен бірге жұмыстанудамыз» деген хабарға орын берген.  Катар сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед бин Абдуррахман әл Сани «Кабул әуежайының қайта ашылуы үшін Түркиямен бірге жұмыстанудамыз» деді.

Йени Шафак газеті экспорт көрсеткіштеріне орын берген. Сауда министрі Мехмет Муш тамыз айында экспорттың өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 52 пайыз артып, 18.9 миллиард долларға жеткенін білдірді. «Осы көрсеткіш тамыз айындағы ең жоғары көрсеткіш.  Айырықша соңғы 12 айлық экспорт көрсеткіші де 207,5 миллиард доллар болып,  республика тарихындағы рекорд болды» деді ол.

Хабер Түрік газеті туризм хабарына орын берген. Коронавирус пандемиясына байланысты берілген үзілістен кейін Айдынның Кушадасы Эгей порты бірінші криуз кемесін қарсы алды. Багама кемесіндегі көбі Ресей азаматы 450 жолаушыны аудан тұрғындары қуанышпен қарсы алды.

 



Ұқсас жаңалықтар