Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1629773
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түрік мәжілісінен АҚШ президентіне наразылық» атты хабарға орын берген.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жалпы отырысында кеше Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің 1915 жылғы оқиғаларды «геноцид» деп атауының айыпталуы және қарсы шығуға байланысты декларация қабылданды. «АҚШ президенті Джо Байденнің 24 сәуір күнгі мәлімдемесімен 1915 жылғы оқиғаларға байланысты армян лоббилерінің айыптауларын қамтитын сөздеріне қолдау білдіруін ТҰҰМ ретінде айыптап,  тарихтың саяси мақсатта бұрмалануынан басқа мағынасыз, дәйексіз жалаларға қарсы шығамыз» деп айтылды.

Сабах газеті Өмер Челиктің мәлімдемесіне орын берген.  Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик кеше партиясының жиналысынан кейін АҚШ президенті Джо Байденнің «геноцид» деген сөздеріне наразылық білдірді.  Челик: «Құқықтық ешбір негізі жоқ бір айыптау.  Толығымен қате және қарсы шығу керек сөз» деді.

Ватан газеті «Туризмде вакцинация мамыр айының аяғында аяқталады» деген хабар жариялаған.  Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мен Украина мәдениет және информация саясаты министрі Олександр Ткаченко кеше Анталияда бас қосты. Министр Ерсой туризм қызметкерлерінің барлығына мамыр айының аяғында екпе егілетінін айтты.  Министр Сенімді туризм сертификатын алған кәсіпорын санының да он мыңнан асқанын білдірді.

Стар газеті «Түркия бауырлас елдің армиясына сыйға тартты» деген хабарға орын берген. Түрік қорғаныс өнеркәсібінің отандық мүмкіндіктермен жетілдірілген танк тасушысы Солтүстік Македония армиясына тапсырылды. Солтүстік Македонияны Балқанда Түркия үшін маңызды серік деп білетіндерін айтқан Түркияның Скопьедегі өкілеті елшісі Хасан Мехмет Секизкөк «Жан-жақты қатынастарымызды барлық салада жетілдіруге тырысамыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Су өнімдерінде ең көп экспорт Нидерландыға жасалды» деген хабар жариялаған. Түркияда су өнімдері экспорты өткен жылы бірінші рет бір миллиард доллардан асты.  Былтыр ең жоғары экспорт 133 миллион 78 мың доллармен Нидерландыға жасалды. Ең көп импорт 48 миллион 334 мың доллармен Норвегиядан жүзеге асырылды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар