Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер соңғы жаңалықтарға орын берген.

1595710
Түрік баспасөзіне шолу

 

Сабах газеті «Битлистен қайғылы хабар» деген жаңалық жариялаған.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі кеше Бингөлден Татванға жету үшін көтерілген Құрлық  күштерінің Cougar типті тікұшақтың апатқа ұшырағанын білдірді. Тікұшақтағы 11 әскери қызметкер шейіт болды,  екі әскер жараланды.  Президент Режеп Тайып Ердоған оқиғаға байланысты Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардан мәлімет алды.  Ердоған шейіттерге Алладан рақым тілеп, отбасыларына және Түрік Қарулы күштеріне көңіл айтты. Жаралы әскерлерге жедел шипа тіледі.

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-ші Лидерлер саммитінде сөз сөйледі. Ол жаһандық апатқа айналған коронавирус эпидемиясына қарсы күресте мықты ұйымшылдықпен жеңіске жетуге болатынын айтты.  Ол айырықша Иранға жүргізілген бір жақты санкциялардың доғарылуының аймақ дамуына үлес қосатынын білдірді.

Стар газеті қорғаныс өнеркәсібінің бір хабарына орын берген.  Түрік қорғаныс өнеркәсібінің Нурол технология компаниясы шаңды ұлттық сауытқа айналдырады. Жетілдірілген процестермен өндірілген бор керамикалар арқасында Түркия осы салада әлемдегі санаулы елдер қатарына енді. Сауыт өнеркәсібінде де қолданылған техникалық керамикалар композиттік маталар қолданылып, жоғары қорғау деңгейінде жеңіл сауыт болады.

Хүрриет газеті «Демалыс үшін таңдау бұрынғыдай. Шектемелер алынып тасталды. Түркияға сұраныс артты» деген хабарға орын берген. Ресей тур операторлары одағы Түркияда коронавирус шектемелері алынып тасталғаннан кейін орыс азаматтардың демалыс үшін Түркияны таңдағанын білдірді.  Алдынғы күндері ағылшындардың да биыл демалыс үшін Түркияны таңдағаны білдірілген болатын.

Ватан газеті «Анадолы Эфеске жақындауға болмайды» деген хабар жариялаған.  Баскетбол THY Еуропа лигасының 27-ші аптасында Анадолы Эфес командасы Испанияның командасын жеңді.  Осы қорытындымен түрік командасы жарыста 16-шы жеңісіне жетті.

 



Ұқсас жаңалықтар