Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1573401
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрде халықаралық заңдардан туындайтын құқықтарын қорғауға табанды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналды. ҰҚК декларациясында Түркияның Эгей, Жерорта теңізінің шығысы және Кипрде халықаралық заңдардан туындайтын құқықтарын қорғауға табанды екені білдірді. Декларацияда «Аймақтың басты тұрақсыздық себебі болған террор ұйымының Түркияның оңтүстік шекарасындағы көршілерінің топырағындағы болмысын жою аясында басылатын қадамдар қолға алынды. Проблемаға қатысы бар халықаралық актерлер өз міндеттерін орындауға шақырылды» делінді.

Ватан газеті «3,5 миллион дозадан тұратын вакцинаның екінші бөлігі Стамбулда»тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркия Қытайдан сатып алған коронавирус вакцинасын жеткізу жұмыстары жалғасуда. 10 миллион доза вакцина жеткізілімінің екінші бөлігі де бүгін таңертең Түркияға әкелінді. Қытайдан тапсырыс берілген 3 миллион доза вакцинаның алғашқы партиясы Түркияға 2020 жылдың 30 желтоқсанында келіп, 14 қаңтар күні денсаулық сақтау қызметкерлеріне еге бастаған еді. Инактивациялық вакцинаның 10 миллион дозадан тұратын екінші жеткізілімінің 6,5 миллион дозалық алғашқы бөлігі 25 қаңтар дүйсенбі күні азанғы уақытта Түркияға әкелінген болатын.

Йени Шафак газеті «Отандық вакцинаның сенімділігі жоғары болады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік ғалымдары жетілдіретін отандық вакцинаның жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы тиімділігі мен сенімділігінің одан жоғары болатыны жарияланды. Түркияның ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі (Түбитак) басшысы Хасан Мандал отандық вакцина жұмыстарымен байланысты «Бұл вакциналар шетелде дайындалғандарға ұқсамайды, вирусқа қарсы тиімділігі мен сенімділігі одан жоғары вакциналар болады» деді.

Cтар газеті «Ұлыбритания Түркиямен ынтымақтастық орнатуға бел буды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританияның Түркиядағы елшісі Доминик Чилкотт елінің қорғаныс саласында Түркиямен бірге жұмыстануға және қорғаныс өнеркәсібі салалары арасында ынтымақтастықты жалғастыруға табанды екенін мәлімдеді. Ұлыбритания елшісі екі елдің компаниялары мен тұтынушылары бір-бірінің өнімін сатып алуға деген ынтасы зор екенін баса айтты.

Хабер түрік газеті «Әлемнің ең қауіпсіз қалалар тізіміне Түркиядан 6 қала қосылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда зерттеу фирмасы «Numbeo» 2020 жылдың ең сенімді қалаларын жариялады. Түркияның 6 қаласы орын алған тізімде Эскишехир қаласы 82,45 ұпаймен 8-ші орында. Түркиядан Анталия, Бурса, Измир, Анкара, Стамбул да қауіпсіз қалалар тізіміне кірді.



Ұқсас жаңалықтар