Президент Ердоғаннан НАТО-ға үндеу

Ол Брюссель форумында сөз сөйледі.

1657797
Президент Ердоғаннан НАТО-ға үндеу

Президент Режеп Тайып Ердоған «Тек өз ұлтымыздың мүддесі үшін ғана емес, трансатлантик географиясының қауіпсіздік және тұрақтылығының қамдалуы үшін де маңызды жауапкершілігі бар екенін білеміз, қадамдарымызды осы санамен басамыз» деді.

Президент Ердоған НАТО Мемлекет және үкімет басшылары саммиті шеңберінде өткен Брюссель форумында «Тұрақтылыққа үлес» отырысында видео конференция арқылы сөз сөйледі. Ердоған Түркияның Ирактан Ауғанстанға, Кавказдан Балқанға, Қаратеңізден Жерорта теңізіне, Африкаға дейін тұрақтылықтың қамдалуына байланысты барлық бастамаларға басшылық еткенін,  үлес қосқанын білдірді.

Президент Ердоған «Көршіміз және одақтасымыз Украинамен диалогтың жандандырылуын  екі жақты мәселелердің шешілуімен бірге аймақтың тұрақтылық пен молшлығына қызмет етеді деп сенемін» деді ол. Президент бүгінгі күні тұрақтылықтың алдындағы ең үлкен кедергінің терроризм екенін айтып: «Түркия НАТО секілді халықаралық платформаларда терроризммен күресте алғашқы сапта орын алады. PKK/YPG, ДАИШ және FETÖ секілді көптеген террорлық ұйыммен шекарамыз ішінде және тысында күресіп жатырмыз» деді.

Түркияның ДАИШ-пен күресте жақын шайқасқан және шейіт берген жалғыз НАТО елі екенін білдірген президент былай жалғастырды: «Шекара тысы операцияларымызда төрт мыңға жуық ДАИШ террористін залалсыздандырдық.  Террордың барлық түріне қарсы жүргізілген күресте одақтас пен серіктерімізден күткен қолдау мен көмекті көрмедік. Сирия, Ирак және Түркияда қандықол террорлық ұйым басшыларының заңды тұлғалар секілді жоғары деңгейде қабылданғанына куә болдық. Түркияның шекарасының НАТО-ның шекарасы екенін ұмытпау керек. Осы тұрғыдан тек өз ұлттық мүдделеріміз үшін ғана емес,  трансатлантик территориясының қауіпсіздік және тұрақтылығының қамдалуы үшін маңызды жауапкершілігіміз бар екенін жақсы білеміз»

Ердоған Түркияның НАТО операция және миссияларына ең көп үлес қосқан алғашқы бес,  ортақ бюджеткен ең көп үлес қосқан алғашқы сегіз ел қатарында екенін баса айтты. «Өте жоғары дайындық деңгейлі ортақ миссия күшінің басшылығы да биыл Түркияда.  Одақтың ең ірі екінші армиясына ие Түркия НАТО-ның қауіп пен емтихандарына қарсы адаптациясы үшін белсенді рол ойнайды. Дайын болу үшін одақтастар арасында басылатын қадамдар секілді серіктеріміздің әлеуетін арттыруына да қосатын үлесіміз маңызды. Түркия динамикалық экономикасы, мықты қорғаныс өнеркәсібі,  принципті сыртқы саясаты және одақтастарымен ынтымақтасып, жаһандық бейбітшілік, молшылық және тұрақтылықтың қамдалуына көмектесуін жалғастырады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар