Ахмет Йылдыз Сирия отырысында мәлімдеме жасады

Ахмет Йылдыз бөлшектеуші террорист күн тәртібінің  Сирияның болашағында орнының жоқ екенін білдірді.

2132248
Ахмет Йылдыз Сирия отырысында мәлімдеме жасады

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ның және бөлшектеуші террорист күн тәртібінің  Сирияның болашағында орнының жоқ екенін білдірді.

Ахмет Йылдыз Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен Сирия отырысында жасады.

Сириядағы қақтығыстың 14-ші жылында елдегі нәзік жағдайдың елеусіз қалмауы керектігіне назар аударған Йылдыз «Қақтығыстың қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық өлшемдері бір уақытта және бір-бірімен байланысты нашарлауда. Сондай-ақ  ешқандай үміт байқалмауда» деді.

Йылдыз аймақтағы қауіпті шиеленіспен жағдайдың бұрынғыдан да күрделене түскеніне назар аударып, Сирияның Таяу Шығыстағы басқа қақтығыстар үшін соғыс алаңы ретінде пайдаланылуына  алаңдағанын  айтты.

Барлық тараптардың үлкен қақтығысқа әкелетін қадамдардан аулақ болуының маңыздылығын түсіндірген Йылдыз «Сирияны осы қауіпті өрттен алыс ұстау өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар