Джевдет Йылмаз Румынияға барады

Вице-президент Джевдет Йылмаз ресми сапармен Румынияға барады.

2131761
Джевдет Йылмаз  Румынияға барады

Вице-президент Джевдет Йылмаз бүгін Румыния астанасы Бухарестте түрік жұмыс әлемінің өкілдерімен кездеседі.

Сапарының екінші күні 26 сәуірде үкімет ғимаратында Румыния премьер-министрі Марсель Чиолакумен жеке және делегация аралық кездесулер өткізетін Йылмаз, Румыния Президенті Клаус Йоханнис тарапынан да  қабылданады.

Сол күні Йылмаз Драгалинадағы Қаратеңіз-Подишор табиғи газ құбыры жобасының салтанатты рәсіміне қатысады және Мецидиедегі Омниа крахмал зауытында жұмысшылармен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар