Гара аймағында тағы 8 террорист залалсыздандырылды

PKK террор ұйымына қарсы күрес үздіксіз жалғасуда.

1589541
Гара аймағында тағы 8 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықталған сепаратистік террористік ұйым PKK-лық 8 террорист әуе операциясымен залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі ресми Твиттер аккаунтынан тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемесінде «Террор ұйымдарына бағытталған операцияларымыз жалғасуда. Барлау және күзет құралдарымыздың Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықтаған 8 PKK-лық террорист Әуе күштері қолбасшылығы тарапынан залалсыздандырылды. Операцияларымыз табандылықпен жалғасуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар