Тоқаев Ресейдегі оқиғаға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Жиында Тоқаев терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығын атап өтті.

2119273
Тоқаев Ресейдегі оқиғаға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қазақстан президентінің мәлімдемесіне сәйкес, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізді.

Жиында Тоқаев Мәскеудегі бейбіт тұрғындарға жасалған зорлық-зомбылық әрекетін тағы да айыптап, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығын атап өтті.

Кездесуде Тоқаев терроризмге қарсы күресте азаматтардың қауіпсіздігін және Қазақстанның басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.

Отырыста құқық қорғау органдарының жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жоспарлары және олардың төтенше жағдайлар кезіндегі қызметін үйлестіру тағы бір рет қаралды.

22 наурыз күні кешке Ресей астанасы Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында қарулы адамдар теракт жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар