Стамбулға екі айда 2 миллион 457 мың 518 шетелдік турист келді

Ақпан айында Стамбулға Ресей Федерациясынан 138 мың 957 адам келді.

2121073
Стамбулға екі айда 2 миллион 457 мың 518 шетелдік турист келді

Түркияның туризмдегі алдыңғы қатардағы қалаларының бірі Стамбул жылдың алғашқы 2 айында 2 миллион 457 мың 518 шетелдік қонақты қабылдады.

Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда қаңтар және ақпан айларында Стамбулға келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,08 пайыз артты.

Стамбулды ақпан айында көбіне орыстар таңдады.

Ақпан айында Стамбулға Ресей Федерациясынан 138 мың 957 адам, Германиядан 95 мың 465 адам, Ираннан 75 мың 312 адам, Ұлыбританиядан 56 мың 430 адам, Франциядан 48 мың 902 адам, Сауд Арабиясынан 43 мың 415 адам және  мен Америка Құрама Штаттарынанан 41 мың 472 адам келді.



Ұқсас жаңалықтар