Ресейде түрік деректі фильмі сыйлық алды

«Барлығы ойдағыдай» (2022) атты деректі  фильм Үздік деректі фильм сыйлығын алды.

2130783
Ресейде түрік деректі фильмі сыйлық алды

Ресей Федерациясына қарасты Чукотка автономдық аймағында өткен Халықаралық фильм фестивалінде «Барлығы ойдағыдай» атты деректі фильм марапатталды.

Чукоткадағы фильм фестиваліне 126 елден 3600-ден астам фильм келіп түсті. Фестивальде бірі қысқа метражды фильм байқауында,  екіншісі байқау тысы көрсетілімде Түркиядан екі фильм орын алды.

Мұхаммед Бейаздағдың «Барлығы ойдағыдай» (2022) атты деректі  фильмі Үздік деректі фильм сыйлығын алды.

Юнус Эмре Институты да қолдау берген фестивальге институттың Мәскеудегі координаторы Мехмет Үлкен қатысты.

Түркиядан режиссер Эже Сойдам фестивальдің ұзын метражды фильмдер категориясында қазылар алқасында болды.

Юнус Топалдың «Солтүстік полюс» атты деректі фильмі де байқауы тысында көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар