Түрік елші жыл дипломаты атанды

Осман Корай Ерташ «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» сыйлығына лайық деп танылды.

2131126
Түрік елші жыл дипломаты атанды

Түркияның Ұлыбританиядағы елшісі Осман Корай Ерташ Ұлыбританияда шығатын «Дипломат» журналы жыл сайын беретін «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» сыйлығына лайық деп танылды.

Журналдың 14-ші марапаттау рәсімі аясында Лондонда қызмет атқарған шетелдік дипломаттарға 10 аймақтық және тақырыптық номинация бойынша марапаттар берілді.

Британ парламенті Қауымдар палатасының спикері Линдси Хойлдың қатысуымен өткен марапаттау рәсімін британдық «BBC» арнасының аға тілшісі Адам Флеминг жүргізді.

Салтанатты шарада Түркияның Ұлыбританиядағы елшісі Ерташ «Еуразия және Балқан аймағының жыл дипломаты» марапатына лайық деп табылды.

Елші Ерташ марапатты алғаннан кейін сөйлеген сөзінде Түркияның Лондондағы өкілі болудың үлкен жауапкершілік және құрмет екенін айтып, елшілік пен бас консулдық қызметкерлеріне алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар