Испанияда турист рекорды

2023 жыл осы елге 84 миллион турист келген.

2091783
Испанияда турист рекорды

Испанияның Индустрия және туризм министрі Жорди Хереу 2023 жылы елген келген турист санының 84 миллионнан асқанын айтты.  Бұл - қазірге дейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Баспасөзге мәлімдеме жасаған министр Хереу коронавирус індетінен бұрын 2019 жылы қол жеткізілген ең көп турист санының 2023 жылы 1 пайыз артқанын,  2022 жылмен салыстырғанда 19 пайыз артқанын білдірді.

Деректерге қарағанда,  елге келген турист саны 2019 жылы 83,5 миллион болса, 2023 жылы 84 миллион турист келді.

Министр 2023 жылы туризм табысының 108 миллиард евродан асқанын айтты.

Ол 2024 жылы да турист санында жаңа рекорд күтетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар