Түрік кинематографиясы таныстырылады

Фестивальде Түркияның кинематография өнеркәсібі туралы ақпарат беретін арнайы шара да ұйымдастырылады.

2139901
Түрік кинематографиясы таныстырылады

Франциядағы 77-ші Канн кинофестивалінде түрік кинематографиясы таныстырылуда.

«Бұғазіші» мәдениет және өнер қорының мәлімдемесіне қарағанда Түркияның мәдени мұрасын әлемге таныту және түріктің брендтік құндылығын көрсету мақсатында Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен фестивальде Түркия кинематографиясы стенді құрылды.

Жаңа кинематография заңымен күшіне енген және шетелдік фильм продюсерлеріне Түркияда жұмсаған соманың 30 пайызын қайтаруға мүмкіндік беретін жеңілдіктер түсіндіріледі.  Сонымен бірге Түркияның табиғи ерекшеліктерімен сәйкес келетін бәсекеге қабілеттілігіне назар аударылады.

Фестивальде Түркияның кинематография өнеркәсібі туралы ақпарат беретін арнайы шара да ұйымдастырылады.

Францияның Канн қаласында кеше басталған 77-ші Канн кинофестивалі 25 мамырға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар