Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды

Бас қала Анкарадағы Түрік-орыс достық үйінде «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды.

2140681
Анкарада «Орыс музыкалық мұражайы» ашылды

Мұражайдың басшысы Алиона Палажченконың бастамасымен құрылған Орыс музыкалық мұражайының ашылуына Беларусьтің Түркиядағы елшісі Виктор Рыбак, Ресейдің Түркиядағы елшілік кеңесшісі Сергей Корицкий, Ресей Мәдениет және ғылым орталығының (Орыс үйі) басшысы доцент Александр Сотниченкоға қоса, Түркияның ресми өкілдері және көптеген өнер сүйер қауым қатысты.

Мұражайдың жобалаушысы Палажценко «Мен музыканы жақсы көремін, түріктердің де музыканы жақсы көретінін білемін, мен орыс пен түрік халықтарын музыка арқылы жақындастырғым келеді» деді.

Мұражайда өнер сүйер қауымның назарына орыс музыкасы туралы көптеген туынды мен материал ұсынылды.



Ұқсас жаңалықтар