Стамбул марафонында жеңімпаз - кениялықтар

Ерлер арасында Пануэль Мкунго, әйелдер арасында Беатрис Чепту жеңіске жетті.

2060907
Стамбул марафонында жеңімпаз - кениялықтар

Әлемдегі жалғыз құрлықаралық марафон – «Türkiye İş Bankası Стамбул марафоны» аяқталды.

«Ғасыр жарысында» ерлер арасында Пануэль Мкунго, әйелдер арасында Беатрис Чепту жеңіске жетті.

45-ші Стамбул марафоны Босфордың ерекше көрінісінде өтті. Құрлықтарды біріктіретін жалғыз марафон «Ғасыр жарысы» деген ұранмен ұйымдастырылды.

42 шақырымдық марафон «TRT Spor Yıldız» экрандарында жарияланды.  Марафон  «15 шілде шейіттер көпірінің» 250 метр артынан басталып, Сұлтанахмет алаңында аяқталды.

Ерлер мен әйелдер санатындағы алғашқы үш орын Кения спортшыларына бұйырды. Ерлер санатында Пануэль Мкунго 2 сағат 10 минут 35 секунд көрсеткішпен бірінші орынды иеленді.

Әйелдер санатында болса Беатрис Чепту 2 сағат 27 минут 9 секунд көрсеткішпен бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар